"Науқасқа көмектесіп, түсінгім келді". Ұлты орыс дәрігер қазақ тілін үйреніп алған

Көркем Алдабергенова 24 жел. 2025 17:24

Қазнетте қазақ тілін пациенттерімен еркін сөйлесу үшін үйрене бастаған уролог-дәрігер Фроловтың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бейнероликте дәрігердің айтуынша, бәрі әдепкі жағдайдан басталған. Оның қабылдауына орыс тілін мүлде білмейтін пациент келген. Науқасты түсініп, медициналық көмек көрсету үшін дәрігер алдымен қазақ тіліндегі қарапайым сөздер мен тіркестерді меңгеруге кіріскен. Уақыт өте келе сөздік қоры көбейіп, қазақ тілін жүйелі түрде қолдана бастаған.

Фроловтың айтуынша, қазақ тілі біртіндеп оның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған. Ол тілді тек жұмыс барысында ғана емес, базарда, тұрмыстық жағдайда да пайдаланады. Дәрігер мұның адамдармен қарым-қатынасты жеңілдетіп қана қоймай, тікелей түсініс пен шынайы байланыстан ерекше қуаныш сыйлайтынын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар