Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың активтері 2025 жылғы І-тоқсанда 5,2%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3,2 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды, деп хабарлайды Dalanews.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына тиесілі: 1,8 трлн теңге немесе 57,4%, ал кредиттік серіктестіктерге 0,9 трлн теңге немесе 29,4%, ломбардтарға 0,4 трлн теңге немесе 13,2% бұйырған.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2025 жылғы І-тоқсанда негізінен жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер есебінен 3,2%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. МҚҚЖҰ микрокредиттерінің құрылымында бизнес субъектілеріне микрокредиттердің үлесі 59,0%-ды, халыққа микрокредиттер үлесі 41,0%-ды құрады.
Бизнес субъектілеріне берілген қарыздар 2025 жылғы 1-тоқсанда негізінен жеке тұлғаларға, оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттарға берілген дара кәсіпкерлерге микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері есебінен 3,9%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Халыққа берілген қарыздар көлемі негізінен 2025 жылғы 1-тоқсанда ломбардтар берген микрокредиттердің ұлғаюы есебінен 3,4%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені құрады.
Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздардың деңгейі (NPL 90+) МҚҚЖҰ-ның портфелінде 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 5,2%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 4,6%).
2025 жылғы І-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 5,3%-ға ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құрады. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 66,8%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрайды. Міндеттемелердің ұлғаюы микроқаржы ұйымдарының басқа да міндеттемелерінің өсуіне байланысты.
МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 2025 жылғы І-тоқсанда негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен 5,1%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,1 трлн теңгені құрады.
Бұған дейін елімізде 2025 жылдың І-тоқсанында шағын бизнесті несиелендіру көлемі 73%-ға артқанын жазғанбыз.