Мұнайлы өңір астанасы бүгін жарықсыз қалуы мүмкін

Кәмшат Сатиева 08 қыр. 2025 12:17

Бүгін, 2025 жылы 8 қыркүйекте Атырау облысындағы ірі коммерциялық және өндірістік кәсіпорындар "Атырау жарық" компаниясынан электр тапшылығына қатысты құлақтандыру хабарламасын алды. Бұл туралы Energi Monitor Telegram арнасы жазады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми хабарламада тәулік бойына уәде етілген электр энергиясы көлемі күрт қысқарғаны, соған байланысты жоспарға өзгеріс енгізілгені ескертіледі. Бұған РФ-ның өз импорты көлемін қысқартуы, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр станциясында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі түрткі екені де айтылады.

"Осыған байланысты 2025 жылы 8 қыркүйекте сағат 10-нан 22-00-ге дейін бұған дейін уәде етілген 141,3 мың кВтсағат көлем 7-ден 19,0 МВт-ға дейін қысқаруы мүмкін екенін еске саламыз. Сондықтан автономды жарықты қамтамасыз ету құрылғыларын даярлау сұралады, ол болмаған жағдайда 8 қыркүйекте сағат 10-00-ден 22-00 аралығында технологиялық процестің белгілі бір уақытқа тоқтауына дайын болу керексіздер", делінген "Атырау жарық" компаниясының хабарламасында

Атырау облысы Маңғыстау облысынан және Ресейден тоқ алып отыратынын нақтылай кетейік.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар