Мемқызметкерлердің құқығын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

Мемқызметкерлердің құқығын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс уақытын сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Агенттіктің 9 ай ішіндегі бақылау жұмыстарының нәтижесінде 15 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, оның қорытындысы бойынша лауазымды адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"4221 мемлекеттік қызметкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді", – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар белгіленген кезеңде жұмыс уақытына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2,3 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалды. Оның ішінде 2 мыңнан астамы қосымша демалыс сағаттарын алса, қалғандарына ақшалай өтемақы төленді және икемді жұмыс уақыты режимі белгіленді.