Сейілжан Ахметов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейілжан Әділханұлы Ахметов - 1980 жылы туған, білімі жоғары. 2000 жылы Рудный мемлекеттік индустриялық институтын «экономика және менеджмент, экономист-менеджер», 2003 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «құқықтану, заңгер», 2008 жылы академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «көлік бакалавры», 2017 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «құқықтану, құқық магистрі» және 2020 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылдың қазан айында Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша Салық комитетінің Жеке тұлғалар аудиті бөлімінің маманы болып бастап, әрі қарай бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2005 - 2008 жылдары Қостанай облысы бойынша Салық департаменті басқармасының басшысы болған.
2008 - 2011 жылдары Қостанай облысы Қарасу ауданы бойынша салық басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2011 жылғы ақпаннан 2014 жылғы қарашаға дейін Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы және Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша салық басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2014 - 2020 жылдары Қостанай облысы Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.