“Байтақ” партиясының кезектен тыс съезіне кейбір мүшелері кіре алмады

“Байтақ” партиясының кезектен тыс съезіне кейбір мүшелері кіре алмады
Фото: Qogam news

"Байтақ" партиясының кезектен тыс сайлауалды съезіне бірқатар партия мүшелері кіре алмады. Солардың бірі Азамат Айбергенов бұл жағдайға наразылық білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz qogam news телеграм арнасына сілтеме жасап.

Айбергеновтің айтуынша, съезд алдында Қазақстандық қоғамдық даму институты партиялар рейтингісін жариялаған. Онда "Байтақ" партиясының көрсеткіші 1,1 пайыз болған.

"Мен қоғамның дамуы мен экологиялық саясат мәселелеріне бейжай қарамаймын. “Байтақтың” Құрылтайға өткенін қалаймын", – деді Азамат Айбергенов.