Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын теннисшілердің ондығына енді

Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын теннисшілердің ондығына енді
Artur Widak/NurPhoto via Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын теннисшілердің ондығына енді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Sportico басылымының рейтингіне сәйкес, қазақстандық теннисшінің жалпы табысы 16,3 миллион долларды құраған. Оның 11,3 миллион доллары турнирлерден алған жүлде қаржысы болса, тағы 5 миллион долларын демеушілік келісімшарттардан тапқан.

Рейтингтің көш басында испаниялық теннисші Карлос Алькарас тұр. Оның бір жылдағы табысы 62,9 миллион долларға жеткен. Бір қызығы, әлемдегі ең көп табыс табатын үздік он теннисшінің алтауы – әйел спортшылар.

Бұған дейін Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде күтпеген жерден 1/16 финал кезеңінде жарыс жолынан шығып қалған еді.