Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстан – дәстүрлі астық шығаратын мемлекет ретінде басымдықтарын қайта қарап, майлы дақылдарды өсіруге басымдық берген болатын. Егістік алқабын әртараптандыруға және май дақылдарын өсіруді субсидиялауға бағытталған мемлекеттің саясаты осы сектордағы импорттың үлесін азайтуға және өзінің жеке қайта өңдеуші өндірісін дамытуды көздеген-ді. Нәтижесінде, соңғы жылдары Қазақстанның май-тоңмай секторы біршама өрлегені конференция барысында айтылды.
Сонымен, 2016-2017 жылдардың қорытындысы бойынша, май дақылдарының өндірісі рекордтық деңгейге жетіп, 1,9 млн.тоннаны құрап, орташа көлемі 27%-ға жоғарлағаны мәлім болды. 2017 жылы май дақылдарына арналған егістік алаңдары өткен жылғы көрсеткіштен 22%-ға артты, және 2,48 млн. гектерды құрапты. Өткен маусымға қатысты шығымдылықтың күтілген төмендеуіне қарамастан, маусым қорытындысы бойынша жалпы жиын 2,2 млн. тоннаға дейін өсуі мүмкін .
Аяқталуға жақын жылдың қорытындысы бойынша күнбағысты қайта өңдеу көлемі рекордтық 485 мың тоннаны құрады, ол өткен маусымның көрсеткішінен 36,6%-ға артқан. Осылайша күнбағыс майының өндірісі 203,7 мың тоннаны құрады. 2017-2018 жылдары ішінде май дақылдарды қайта өңдеу ісі 480 мың тоннаға дейін артады деп күтілуде. Ал май өндірісі 201,6 мың тоннаны құрауы мүмкін.
Алайда Қазақстанның май-тоңмай саласының тиімді жұмыс істеуі үшін өндірістік салада да, сонымен бірге қайта өңдеуші салада да айтарлықтай көптеген көкейкесті міндеттерді шешу қажет.
«KazOil 2017» Халықаралық конференциясының бағдарламасы үш сессиядан тұрады – «Қазақстан әлемдік май дақылдары нарығының картасында», «Әлемдік май дақылдары нарығы: негізгі үрдістер, тұтыну нарықтары» және «Қазақстанның май дақылдары саласын жаңарту: қауіптері мен перспективалары». Аталған бағыттардың өзекті мәселелерін талқылау барысында бірқатар танымал қазақстандық және шетелдік сарапшылар өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара шеңберінде «ҚазАгро» холдингінің құрылымындағы компания – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазақстанның май-тоңмай одағы» қауымдастығы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа, «ҚазАгро» холдингінің басқа еншілес компаниясы – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өсімдік майлары нарығында біртұтас экспорттық саясат қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар жасасты.