Маңғыстау облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Кәмшат Тілеухан 17 мам. 2025 11:36 305

Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, елімізде уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында:

  • әр түрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
  • шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
  • электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
  • шамамен 2 млн теңге қолма-қол ақша;
  • екі көлік тәркіленді.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін өзін Антикор ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ақтөбеліктің ұсталғанын хабарлағанбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар