Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс жабылды

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс жабылды
ашық дереккөз

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистің Telegram-арнасында “ВД Строй-инжиниринг” компаниясы мен оның жетекшісі Азамат Өсімбековке қатысты бұрын жарияланған мәліметтерге байланысты мәлімдеме шықты.

Жарияланған ақпаратта Ботагөз Омарованың компанияның “қарызы жоқ екенін растайтын құжаттармен” танысқанына қарамастан, “шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет жариялағаны” айтылған.

Сонымен қатар жазбада бұған дейін тараған ақпараттың теріске шығарылғаны көрсетілген.