"Маман жалдауға ақша жоқ па?" Алматы тұрғындары жаңа ұсынысқа қарсы шықты

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 13:26

Алматы тұрғындары қала әкімдігіне жеке компаниялар тарапынан айтылған ұсынысқа қарсы шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мән-жайы

"Құрылыс саласындағы бірқатар компания басшысымен кеңес өткізіп, олардың жүзеге асырып жатқан жобаларын талқыладым. Әсіресе, Алматының туристік және жол инфрақұрылымын дамытуға арналған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі жобаларға ерекше назар аудардық. Серіктестіктің басым бағыттарын анықтадық. Әр жобаның мерзімі, қаржыландыру көлемі мен қалаға тигізер тиімділігін жан-жақты қарастыру үшін тиісті басқармаларға тапсырма бердім", - деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасына бірнеше жобаның суреттерін жариялаған. 

Халықтың реакциясы

Жобалардың ішінде Венецияға ұқсас жоспар, эстакада сызбасы бар. Алайда бұл шешім қала тұрғындарына жақпады. 

Жұрт мұндай жоба қаланың мәселесін одан әрі күрделендіріп жіберетінін айтты. Оған қоса, халық қаладағы лас ауаны да сынаған.

"Төле би көшесіндегі эстакада қайдан шықты? Ол жерде трамвай жобасы болады деп еді ғой. Әкімдік LRT-дан бас тартты ма?", "Құрметті қала әкімі. Мұндай магистраль салмасаңыздар екен. Қаладағы ауа тым ластанып кетті, демалу мүмкін емес. Алдымен осы мәселені шешейік. Бұл - үлкен экологиялық проблема. Жаяу қозғалысты дамыту, қоғамдық көлікті жетілдіру қажет. Трамвайды қайта қайтарыңыздар!", "Экология не болды?", "Не деген сұрықсыз жолайрық? Әкімдік дұрыс урбанист таба алмай ма? Маман жалдауға бюджет жоқ па? Қала онсыз да бүлініп бітті, неге одан әрі құртасыздар?! Бюджетті "игеру" керек екенін түсінемін, бірақ ар-ұят деген де болуы керек қой", - деп ашынды қала тұрғындары.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар