Kaspi.kz клиенттерінің төлемдерін 2 айға шегереді

Dalanews 18 нау. 2020 13:21 777

18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі.

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлады.

Бүгін Михаил Ломтадзенің ресми Youtube арнасында компания клиенттеріне үндеуі жарияланды. Kaspi.kz басшысы Kaspi клиенттері қосымша қандай қолдау алатыны туралы айтты.

- Біз жұмысымызда "Біздің клиенттерімізге жақсы, қазақстандықтарға жақсы болса, Kaspi-ге де жақсы", деген маңызды принципті басшылыққа аламыз. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша біз клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасын іске қосамыз, жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлемді 2 айға шегереміз. Клиенттерді қолдау бағдарламасына өтінімді Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беруге болады. Клиенттеріміз ешқайда шықпау үшін ұялы қосымшада жасадық, - дейді Ломтадзе.

Бірақ 3 маңызды нәрсеге назар аудару керек:

- Біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек.

- Екіншіден, 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі.

Егер кірістеріңіз міндеттемелеріңізді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмаңыздар.

- Үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала алмайды. Бұл бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында жасалады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар