Jusan Bank "Қазақтелеком" акционерлері құрамынан шықты

Кәмшат Тілеухан 24 қаң. 2025 16:00 2273

"Қазақтелеком" акционерлері құрамында өзгеріс болды. Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 2025 жылы 1 қаңтарда телеоператор капиталының 8,1% үлесіне ие Jusan Bank оның құрамынан шықты. Тура осы үлеспен компания құрамына Telecom Systems Ltd енді, деп жазады Dalanews.kz.

Банктің "Қазақтелеком" акцияларын Артықбаевтың компаниясына қаншаға сатқаны белгісіз.

Иә, ашық дерек көздегі мәліметтер бойынша, Telecom Systems 2024 жылы маусымда тіркелген, құрылтайшысы кәсіпкер Нұрлан Артықбаев болап табылады.  Ал оған Qazaq Stroy құрылыс компаниясы, Qazaq Kalium Ltd кәсіпорны тиесілі.

"First Heartland Jusan Bank" АҚ-тың қолына телеком-оператордың 8,1% акциясы 2023 жылы қыркүйекте тиген болатын. Ал бұған дейін "Қазақтелеком" акционерлері – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры (45.90%),  ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комиеті (25,42%) және The Bank of New York Mellon DRS (8,62%) болған.

Ал дәл қазіргі уақытта, 2025 жылғы 1 қаңтардағы KASE деректері бойынша, "Самұрық-Қазына" қорына "Қазақтелеком" акцияларының 80,85%-ы, Telecom Systems Ltd жекеменшік компаниясыны 8,1%-ы тиесілі.

Бұған дейін Александр Бабичев "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2/Altel ұялы операторы) басқармасының төрағасы болып тағайындалғанын, ол  Сергей Назаренконың орнын басқанын жазғанбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар