2026 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстандағы банктер автонесиеге сұраныс азайғанын байқаған. Бұл деректі Ұлттық банк жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың айтуынша, автосалондар тиімді несие шарттарын сирек ұсына бастаған. Сонымен қатар, бұған жаңа көліктердің арзандауы да әсер еткен. Соның арқасында кейбір сатып алушылар көлікті қарызсыз алған немесе аз көлемде несие рәсімдеген.
Нәтижесінде автонесиеге берілген өтініш саны өткен тоқсанмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеп, 1,2 миллион болған.