“Жұрттың баласы” YouTube арнасының авторын полиция ұстап әкетті

Қаракөз Амантай 22 қаз. 2024 15:57 1000

“Жұрттың баласы” YouTube арнасының авторы, блогер Мұрат Данияр полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Оның мәліметінше, оған “референдум қарсаңында әдейі жалған ақпарат таратты” деген айып тағылған.

“Ештеңе етпейді. Қазір адвокатпен бірге полиция басқармасына келдім. Бәрін шешеміз. Бірақ сіздер мұны ескеріп қойыңыздар”, - деп хабарлады ол.

Айта кетейік, Мұрат Данияр бірнеше жылдан бері YouTube желісіндегі Jurttyn Balasy арнасын белсенді түрде жүргізіп келеді. Блогер елде болып жатқан қоғамдық әрі саяси мәселелерге талдау жасап, жеке көзқарасы мен пікірін бөлісіп отырады. Оның 405 мыңнан астам жазылушысы бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар