Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі қызметіне кірісті.
Данияр Тахановтың өмірбаяны
Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.
Ол Бейжіңдегі Қытай мұнай университетін "Өндірістік-коммерциялық басқару" және "Өндірістік экономика" мамандықтары бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2009 жылы "ҚазҚұрылысСервис" АҚ-да бастап, аталған компанияда түрлі қызметтер атқарған.
2012 жылы Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалында инженер болып жұмыс істеді.
2012–2017 жылдары "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары және «Atyrau Innovations» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.
2017 жылдан бастап "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында еңбек етіп, басқарма төрағасының орынбасары және басқарма төрағасы қызметтерінде болды.
2022 жылдың мамырынан бері "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарып келген.