Теміртауда автобус ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды

Теміртауда автобус ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды
видеодан кадр

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс кезінде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Yutong маркалы автобус бағыт бойынша жүріп келе жатқан. Рөлде 64 жастағы жүргізуші болған.

Алдын ала болжамға сәйкес, жүргізуші есінен танып қалғаннан кейін автобус басқарусыз қозғалып, ағашқа соғылған.

Оқиға кезінде автобуста шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.