ҚТЖ басшылығының ұсталуына қатысты компания алғаш рет мәлімдеме жасады

ҚТЖ басшылығының ұсталуына қатысты компания алғаш рет мәлімдеме жасады
ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы мен «Самұрық-Қазына» қоры басшысы ұсталды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Компанияның хабарлауынша, ҚТЖ құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық орнатып, тергеуге қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынып жатыр.

Сонымен қатар компания өкілдері жария кеңістікте тараған мәліметтерден басқа, ұсталу жағдайына қатысты қосымша ақпаратқа ие емес екенін мәлімдеді. Тергеу барысына қатысты өзге түсініктеме берілмейді. Бұған дейінгі сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы талап негізге алынған.

ҚТЖ мен оның еншілес компаниялары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Компания инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемесін орындайтынын атап өтті.