Астана қаласының Байқоңыр ауданында, Алаш тасжолы бойындағы базар аумағында өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалын шарпыған нысаннан үш газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өрт 40 тонналық контейнерден қайта жабдықталған дәмханада болған. Салдарынан жиһаз бен тұрмыстық техника 50 шаршы метр аумақта жанған.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ғимарат ішіндегі үш газ баллонын жедел түрде сыртқа шығарды. Осылайша, олардың жарылу қаупінің алдын алды.