Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды
Polisia.kz

Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Күдікті марқұмның мәйіті жасырылған жерді көрсетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияға 2023 жылдың қыркүйегінде әйел адам хабарласып, жұмыс істеу үшін басқа жаққа кеткен күйеуінің хабар-ошарсыз жоғалғанын айтып, іздестіруге көмектесуді сұраған. Сол кезде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтиже бермегенімен, полицейлер ер адамның жоғалуына қатысты тексеруді тоқтатпаған.

Тергеу барысында күдікке басқа қылмыс бойынша сотталып, жазасын бас бостандығынан айыру орнында өтеп жатқан азамат іліккен. Оның жоғалған ер адамның өліміне қатысы бар-жоғын анықтау үшін қосымша жедел шаралар жүргізілген.

Нәтижесінде күдікті кісі өлтіргенін мойындап, оқиғаның мән-жайын баяндаған. Сондай-ақ мәйіт жасырылған жерді көрсеткен.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды", - деп хабарлады ІІМ.