Журналистерге жаңа рұқсатсыз фото жариялауға тыйым салынуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 13 қар. 2025 09:36

Қазақстанда «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгерістер енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Bes.media-ға сілтеме жасап. 

Бастамаға сәйкес, журналистер әрбір жарияланым алдында бейнені пайдалануға қайтадан рұқсат алуға міндетті болады. «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының заңгері Гүлмира Біржанованың пікірінше, мұндай өзгерістер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша шектеу әкелуі мүмкін.

Жоба мәтінінде масс-медиа өнімі әзірленгенде, жарияланғанда, көшіріліп таратылғанда кез келген адамның бейнесін қолдану тек сол адамның келісімімен, ал егер ол қайтыс болса — мұрагерлерінің келісімімен ғана жүзеге асырылатыны жазылған. Қолданыстағы заңда мұндай талап жоқ.

Келісім талап етілмейтін жағдайлар:

  • адам көрермен ретінде немесе қатысушы ретінде шоу, мәдени, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, спорттық жарыстар, бейбіт жиналыстар және өзге де көпшілік шараларды жариялау кезінде кадрға түссе;

  • таратылатын ақпарат азаматтың қызметтік және (немесе) қоғамдық қызметіне қатысты болса және бейне сол адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлғасы ашық дереккөздерде жариялаған жағдайда;

  • заңнамада көзделген тәртіппен конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау үшін бейнені пайдалану қажет болса.

Бұдан бөлек, бастамашылар журналистерді бейнені қолданудың әрбір жаңа тәсілі үшін, сондай-ақ бейнені өзгерту, монтаждау, басқа суреттермен біріктіру немесе оған түсініктеме қосу сияқты әрбір әрекетке жеке келісім алуға міндеттеуді ұсынып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар