Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ, өзге де тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөзден алуға және жалған не расталмаған мәліметті таратпауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір отбасы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Полицияға арыз 25 желтоқсанда түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды.
