Атырау облысында бір отбасы мүшелері хабар-ошарсыз кетуіне байланысты полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы олардың туысы 25 желтоқсанда полицияға арызданған. Айтуынша, отбасы мүшелерімен байланысқа шықпағанына бір айдан асқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында үйлерінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен және сол күйі оралмаған. Із-түссіз кеткендердің қатарында ерлі-зайыптылар және олардың 33 пен 35 жастағы екі ересек баласы бар. Олардың елдің оңтүстік өңірлеріне жол тартуы мүмкін екені айтылды.
Полиция азаматтардан іздестіріліп жатқан отбасының жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсе, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:
98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 00 12.
