Жол апатында зардап шеккен тарапқа төленетін сақтандыру төлемі екі есеге ұлғаюы мүмкін

Кәмшат Тілеухан 08 қаз. 2025 14:32

Мәжілісте жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тарапқа берілуі тиіс сақтандыру төлемдерінің жаңа мөлшерлемелерін қарастыратын құжат қаралуда. Оның көлемі екі есе өсуі мүмкін. Мәселен, қазіргі жағдайда көлікке зақым келген кезде міндетті автосақтандыру бойынша төлемнің ең жоғары сомасы 600 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни 2025 жылы 2 359 200 теңгені құрайды. Алайда, көп ұзамай бұл сома екі есе артуы ықтимал, деп жазады Dalanews.kz.

Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға (МЖӘ) енгізілген өзгерістер мен түзетулер жөніндегі заң жобасын қарауда.

Құжатта денсаулыққа зиян келтіргені үшін жол-көлік оқиғасынан (ЖКО) зардап шеккендерге төленетін сақтандыру төлемдерінің мынадай шекті мөлшерін белгілеу ұсынылады:

  • мүгедектікке әкеліп соқтырмаған жарақаттар – 300 АЕК дейін (2025 жыл бойынша 1 179 600 теңге);
  • ІІІ- топтағы мүгедектікке ұшырату - 1 000 АЕК дейін (3 932 000 теңге);
  • ІІ-топтағы мүгедектікке ұшырату - 2 400 АЕК дейін (9 436 800 теңге);
  • І-топтағы мүгедектікке ұшырату - 3 200 АЕК дейін (12 582 400 теңге);
  • баланың мүгедектікке ұшырауы - 2 000 АЕК дейін (7 864 000 теңге);
  • кісі қазасы - 4 000 АЕК дейін (15 728 000 теңге);

Зардап шеккен адамның стационарда емделген әрбір күні үшін сақтандыру компаниясы кем дегенде 2 АЕК (7 864 теңге) төлеуге тиіс. Бірақ жәбірленушінің мүлкіне зиян келтіргені үшін сақтандыру төлемінің сомасын 1 200 АЕК (4 718 400 теңге) дейін ұлғайту жоспарлануда.

Егер зардап шеккен адам бірнешеу болса, онда әрқайсысына берілетін төлем 1200 АЕК болуы мүмкін. Алайда зардап шеккендердің санына қарамастан жалпы шекті көлем бар – барлығына 4 000 АЕК, яғни 2025 жылғы есеп бойынша  15 728 000 теңге. Төлем алынған залалға қарай пропорционалды түрде тағайындалады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар