1 шілдеден бастап электр энергиясының тарифі қайта қаралады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Энергетика министрлігі 60 энергия өндіруші ұйым үшін шекті тариф қайта қаралатынын хабарлады. Жаңа тарифтер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Ведомство мәліметінше, бұл шешім энергетикалық инфрақұрылымның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және жаңғыртуға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Тиісті өзгерістер енгізілген құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылды. Құжатты талқылау 30 маусымға дейін жалғасады.