2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша Қазақстанның Ресейге сыра экспорты айтарлықтай өскен. Қаңтар-наурыз аралығында қазақстандық өндірушілер көрші ел нарығына 2,7 миллион доллардың өнімін жеткізген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге көп, деп хабарлайды dalanews.kz.
Экспорт көлемінің артуы Қазақстанның Ресейге сыра жеткізетін негізгі елдер рейтингіндегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді. Егер бір жыл бұрын республика сегізінші орында болса, биыл екінші орынға дейін көтерілген.
Ресей нарығындағы көшбасшылықты бұрынғыдай Қытай сақтап отыр. Үш ай ішінде қытайлық сыра жеткізілімінің көлемі 9,9 миллион долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда үштен біріне жуық өскен.
Үздік үштікті Армения түйіндейді. Ал бұған дейін екінші орында болған Германияның көрсеткіші күрт төмендеп, экспорт көлемі алты еседен астам қысқарған. Соның нәтижесінде ел төртінші орынға сырғыды.
Бельгия да Ресейге сыра жеткізу көлемін айтарлықтай азайтқан. Ел экспорты шамамен төрт есеге төмендеп, рейтингте бесінші орынға тұрақтады.
Сарапшылар Ресей нарығындағы жеткізілім құрылымының өзгеруін Еуропа елдерінің экспорт көлемінің қысқаруымен және балама нарықтардан келетін өнім үлесінің артуымен байланыстырады.