Жақында ХВҚ-ның жүргізген зерттеуі жарияланған болатын. Онда Қазақстан 2025 жылы жан басына шаққандағы доллардай ЖІӨ көрсеткіші бойынша Ресейді басып озғаны айтылады. Осыған қатысты ресейлік миллиардер Олег Дерипаска пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2022 жылдан бері Батыстың санкциялар тізіміне ілінген ресейлік кәсіпкер мұндай тұжырымды ел "күтпеген хабарға" жатқызбайды. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды.
Кәсіпкер Олег Дерипаска ХВҚ деректеріне түсініктеме бере отырып, бұл арадағы "өсімнің негізгі факторларының стандартты жиынтығын" атап өтті. Олардың ішінде: меншік құқығын қорғау, шетелдік инвесторларды тарту, заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі, сондай-ақ жүйелі мемлекеттік сектордың үлесін қысқарту.
"Маңыздысы, бұл айқын шаралар жиынтығы шынымен де жұмыс істеп тұр, оған кепілдік бере аламын. Ал Қытаймен сенімді логистикалық дәліздерді құру, елеусіз қалуы мүмкін емес тұрақты нәтиже беруде", деп желіде жазған ол Қазақстан бойынша статистика шынайы екенін атап өтті.
Айта кетейік, Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы Қазақстанның доллардай ЖІӨ көрсеткіші 14,77 мың долларды, ал Ресейдікі 14,26 мың долларды құрайды. Қордың мәліметінше, 2024 жылы Ресейде бұл көрсеткіш 4,6% -ға жоғары болған. Бірақ 2025 жылы Ресейдің жан басына шаққандағы доллардай ЖІӨ көрсеткіші 3,6% - ға күрт қысқаруы мүмкін.
Бұған дейін сайтымызда бұл ретте "ЖІӨ көрсеткіші бойынша Қазақстан Ресей мен Қытайды басып озды. Сарапшылар не дейді?" деген мақала жарияланған болатын.