Жыл соңына дейін Қазақстанның үш қаласы 5G желісіне қосылады – Huawei сарапшысы

Dalanews 14 мам. 2022 10:36 872

Телекоммуникация компаниялары 5G көмегімен 619 млрд доллар табыс табуды көздеуде. Мұндай мәлімет Қазақстандағы 5G-дің даму перспективасы талқыланған алғашқы DIGI DAY конференциясында айтылды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шараны ұйымдастыруға Huawei компаниясы мен халықаралық Astana Hub IT – стартаптар технопаркі ұйытқы болды.

5G желісінің өткізу қабілеті мен жылдамдығы жоғары болғандықтан қоғам өмірінің барлық саласын өзгерте алады. Көлік жүргізу секілді қарапайым дағдыдан бастап, өндірісті автоматтандыру саласы 5G-дің игілігін сезіне алады.

5G технологиялық төңкерістің бастауында тұрған жоба. Шара барысында Huawei сарапшылары таныстырған жаңа технологиялар 5G желісінің потенциалын паш етуге мүмкіндік берді.

«5G стандарты экономиканың тамырына қан жүгіртетін болады. Huawei сарапшыларының зерттегеніндей жаңа желі жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) 6,9 трлн долларға дейін ұлғайтып, 11 млн-ға жуық жаңа жұмыс орындарын ашады», – деді осыған қатысты көлемді баяндама жасаған Huawei компаниясының маркетологы Павол Сиротинкин (жоғарыда суретте, ред).

Тұтынушылардың ауқымы өскен жағдайда корпоративтік және өндірістік саладан бөлек, қолданушылар секторының мүмкіндігін арттыру қажет.

5G стандартының ықпалы жыл өткен сайын арта түспек. Себебі,

интернет желісінің жылдамдығына тәуелді жаңа сервистер пайда болуда. Желі операторлары стримингтік сервистер, виртуалды технологиялардың талабынан шығуға тырысады.


«Huawei ұсынған FWA Suite2H инновациялы шешімі бұл - үйге арналған 5G қызметінің премиалды түрі. Соның көмегімен абоненттер сапалы әрі жылдам желіге қол жеткізіп, үйдегі құрылғыларды қашықтан басқара алатын мүмкіндікке ие болады. FWA Suite2H-нің бұдан басқа да басымдықтары бар», – дейді Huawei өнімдерінің менеджері Данияр Еспаев.



Қазақстанда 5G стандартын енгізу жыл соңына дейін еліміздің үш қаласында жүзеге асады.  5G технологиясын ендірудің алдыңғы сапында тұрған Huawei компаниясы Қазақстанда аталған желінің пилоттық жобасын іске қосуға атсалысты. Компания ұсынған идеялар желінің өткізу қабілетін арттырып, жылдамдықты ұлғайтатын болады, соның негізінде мыңдаған қолданушы үшін интернеттің орташа жылдамдығы артады.

Мәліметті жолдаудың жылдамдығы артып, кешеуілдеу түсінігі мүлде жоғалғанда, мәліметтер базасының құпиясы сақталып, сенімді қорғалған кезде мемлекеттік құрылымдар, корпоративтік және коммерциялық саладағы жүздеген, мыңдаған компаниялар 5G стандартының игілігін сезінеді.

«Биылғы жылы өз өнімдерін 5G-мен байланыстыруды көздейтін ІТ компанияларға арналған орталық ашуды жоспарлап отырмыз.  Huawei 5G стандартын кіріктіру бағытындағы жетекші компаниялардың бірі. Компанияның тәжірибесі жаңа жобаларды дамытуға жол ашады», – деді шараны түйіндеген Astana Hub инновациялар және сандық технологиялар кеңсесінің директоры Танат Өскембаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар