Ақмола облысының тұрғыны Instagram желісінде парақша ашып, жыл бойы хабарландырулар жариялап, тікелей эфирде құмар ойын өткізген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұтыс тігу сомасы 100-ден 2100 теңгеге дейін жеткен. Ойын 4 қатысушы арасында өткен, ең жоғары жүлде картасы бар адам жеңімпаз болып саналған.
Жеңіс ұйымдастырушының пайызын шегергенде барлық ойыншының ұтысқа тіккен ақшасынан құралған. Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 90,6 миллион теңгеден асып кеткен.
Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі 3) тармағы бойынша (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.