Жасөспірімдер арасындағы қылмыс: Қазақстанда кейінгі алты жылда ең жоғары көрсеткіш тіркелді

Қаракөз Амантай 03 қаз. 2025 10:05

Қазақстанда қылмысқа тартылған жасөспірімдер саны кейінгі алты жылда ең жоғарғы деңгейге жетті. Мұны Бірінші кредиттік бюро сарапшылары есептеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл өсімге негізінен бұзақылық, қасақана жеңіл дене жарақатын салу, ұрып-соғу және тонау баптары әсер еткен. Әсіресе,  бұзақылық айтарлықтай артқан. Мәселен, тоғыз айда 216 жасөспірім осы баппен жауапқа тартылса, былтыр дәл осы кезеңде олардың саны 94 ғана болған.

“Биыл қылмыстық жауапкершілікке кәмелетке толмаған 1703 жасөспірім тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға көп. Осылайша, көрсеткіш 2019 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы ең кең тараған қылмыс – ұрлық. Биыл осы бап бойынша 499 жасөспірім, негізінен 16–17 жастағылар, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар