Қазақстанда жалға беру және жалға алған баспананы қайта жалға беру немесе басқару (субаренда) өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған салалар тізіміне енгізіліп отыр. Бұл нені білдіреді? 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап пәтер немесе қандай да бір нысанды жалға берушілер ЖК (жеке кәсіпкерлік) тіркеусіз жұмыс істей алады және табысының 4% мөлшерінде бірыңғай әлеуметтік төлем төлейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа салық режимі тұрғын үйді жалға беру және жалған алған баспананы қайта жалға беру немесе басқару (субаренда) қызметін ұсынатын өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты қолданылады. Төлемдер ендң тек әлеуметтік жағын қамтиды: зейнетақы жарнасы, медициналық және әлеуметтік сақтандыру енетін табыстың 4% мөлшерінде ұсталады. ЖК тіркеу талап етілмейді, тек жүйеге қосылып, төлемдер жасау жеткілікті.
Мәселен, бұрын баспананы заңды түрде жалға беру үшін жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу немесе ЖК-сыз жеке тұлға ретінде табыстың 10%-ын төлеу қажет болған. 2020-2023 жылдары көптеген адам ең төменгі жарна көлемінде БЖТ-ны (ЕСП) қолданып келген (ЖК-сыз),бірақ 2024 жылдан бастап оның күші жойылды. Жаңа режим іс жүзінде баспананы жалға берушілер үшін осы БЖТ-ның (бірыңғай жиынтық төлем) орнын басады: бірақ нақты шарттармен және 4% мөлшерлемемен.
Ал 2025 жылы мынандай формалар қолданыста болды:
- ЖК-дан патент талап етілді – табыстың 1% көлемінде;
- ЖҚ-дан E-Salyk үшін табыстың 1%-ы сұралды;
- ЖК-сы жоқ жеке тұлғалардан жалпы табыстың 10%-ы алынатын.
2026 жылдан бастап жалға беру қызметінде бұл режимдердің күші жойылады, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін табыстың 4%-ы көлемін талап ететін режим енгізіледі (ЖК-сыз).
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, соның ішінде баспанасын жалға берушілерге арналған талаптар:
- Табысы айына 300 АЕК-тен аспауы тиіс (шамамен 1,2 млн теңге).
- Тек жеке тұлғармен жұмыс істеуі керек.
- Қол астында жұмысшылары болмауы қажет, жұмысшыларды жалдамайды.
Есеп-қисаптан да мысал келтіре кетелік: мәселен пәтерді айына 300 000 теңгеге жалға бердік делік, жылына 3,6 млн теңге жалға беру құны шығады. Жаңа режим бойынша төлем: жылына 4% = 144 000 теңге (орта есеппен айына 12 000 тг). Ал 4%-дық төлемді мобильді қосымша арқылы автоматты түрде алу жоспарланып отыр. Ол туралы кейінірек қосымша хабарланады.
"Егер атыңызда ЖК болса, онда 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін салық органына барып, № 029 нысан бойынша өтініш беріңіз. Егер баспананы алғаш рет жалға беріп жатсаңыз: жеке кәсіпкерлікті тіркеу қажет емес: өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жүйесе қоасылып, алғашқы төлемді жасасаңыз болды, ары қарай 4% мөлшерінде төлем төлеуді жалғастыра бересіз. Бұл жалға беруден түсетін кірістерді бюрократиясыз қарапайым заңдастыру түрі болып табылады", - дейді мамандар.
Өзін-өзі қамтушылар тізіміне баспанасын жалға берушілерден бөлек, мына жұмыс түрлері де кіреді:
- мал шаруашылығына қолдау көрсететін қызметтер,
- музыкалық аспаптар ұстаханасы,
- сылақ жұмыстары,
- ағаш ұстасы,
- еден төсеу және қабырғаларды қаптау,
- сырлақ және шыны қою жұмыстары,
- такси қызметі,
- жүк автомобиль көлігінің қызметі,
- сыйақы үшін немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару,
- фото салондар,
- ауызша және жазбаша аударма жасайтындар,
- ветеринариялық қызмет,
- жеңіл автомобильдерді жалға беру,
- жүк автомобильдерін жалға беру,
- ойын-сауық және спорт жабдықтарын жалға беру және лизинг,
- бейнекассеталар мен дискілерді прокатқа беру,
- жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жалға беру және лизинг,
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы техникалар мен жабдықтарды, басқа да кеңсе техникалары мен жабдықтарын жалға беру,
- жалпы тұрғын үйлерді жинап, тазалау (клининг қызметі),
- тазалық бойынша өзге де қызмет,
- спорт және демалыс саласындағы білім,
- мәдениет саласындағы білім,
- басқа да білім беру саласындағы қызмет,
- білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет,
- көркем және әдеби шығармашылық,
- компьютерлер мен басқа да техниканы жөндеу,
- коммуникациялық жабдықтарды жөндеу,
- электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу,
- тұрмыстық аспаптарды жөндеу,
- аяқ-киім жөндеу,
- табиғи және жасанды былғарыдан жасалған галантерея бұйымдарын жөндеу,
- жиһаз және интерьер заттарын жөндеу,
- сағат жөндеу
- зергерлік бұйымдарды жөндеу,
- тоқыма және тоқылған бұйымдарды жөндеп, тігу,
- тігін бұйымдарын жөндеу,
- теріден және былғарыдан жасалған бұйымдар мен бас киімдерді жөндеп, тігу,
- музыкалық аспаптарды жөндеу,
- кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеп, тоқу,
- велосипедтерді жөндеу,
- басқа да жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу,
- шаштараздар мен сұлулық салондары,
- үй қызметшісін жалдайтын шаруашылықтар,
- үй шаруашылықтарының өз тұтынысы үшін тауарлар өндіруі.
Бұларға да қатысты өзгерісті жоғарыда баспананы жалға беру бойынша көрсетілген мысалдағы схемалар қамтитынын баса айта кетелік.