Конституцияның жаңа жобасының 9-бабына өзгеріс енгізілетін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Енді 9-баптың мәтінінде «қатар» деген сөз «тең» деген сөздің орнына жазылады. Яғни:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады».
Қолданыстағы Конституцияның тілге қатысты бабында (9-баптың 2-тармағында) "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп жазылған.
