Freedom Inside '26

Тоқаев 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Тоқаев 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

10 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ақорда хабарлағандай, жиын барысында елдің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған Үкіметтің негізгі міндеттері мен басым бағыттары айқындалады.

Кеңейтілген отырыста экономикалық өсім көрсеткіштері, әлеуметтік саладағы ахуал, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланады деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Үкіметке алдағы уақытта атқарылуы тиіс нақты тапсырмалар жүктейді.