Алтын долларды басып озып, ең ірі активке айналуы мүмкін

Cағыныш Сардарова 09 ақп. 2026 13:27

20 қаңтарда әлемдік валюта резервтеріндегі АҚШ долларының үлесі 40 пайыздан төмен түсіп кетті. Келесі күні алтынның үлесі 30 пайыздан асып, жаһандық резервтер құрылымында айтарлықтай өзгеріс байқалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соңғы рет доллардың үлесі 40 пайыздан төмен деңгейге 1995 жылғы 29 маусымда түскен. Сарапшылар бұл бір реттік құбылыс емес, активтер құрылымындағы тарихи бетбұрыс екенін айтады.

Әсіресе, мемлекеттік қарыз өсуі, геосаяси бөлініс күшеюі және резервтер тұрақтылығына сұраныс артуы секілді жағдайларда алтынға қызығушылық күшейіп отыр.

Қазіргі үрдіс сақталса, алтын резервтері жылдық есепте ай сайын орта есеппен 8,4 пайызға өсіп, ал доллар үлесі 6,1 пайызға қысқаруы мүмкін. Осы қарқын жалғасса және қазіргі бағалар өзгермесе, 2026 жылдың соңына қарай алтын долларды басып озып, ең ірі активке айналуы ықтимал.

Қазақстанның алтын-валюта резервтері де осыған ұқсас бағытты көрсетеді. 2024 жылғы желтоқсанда еркін айырбасталатын валюталардағы активтер үлесі 47,97 пайыз болса, алтын 52,03 пайыз болған. Ал 2025 жылғы желтоқсанда валюталық активтер 27,79 пайызға дейін төмендеп, алтын үлесі 72,21 пайызға дейін өскен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove