Ақтөбедегі трагедияға қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
9 ақпанда шамамен сағат 12:00-де Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 1993 жылы туған әйелдің және оның үш баласының сүйегі табылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаның себебі табиғи газдан улану болуы мүмкін. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Түпкілікті қорытынды сараптамалардың нәтижелері бойынша жасалады", - деді өңір полициясы.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметті таратудан бас тартуға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін облыс әкімдігі оқиғаның егжей-тегжейін мәлімдеді.
