«Іле-Балқаш» жолбарысы Балқаштан жүр ме? Экология министрлігі жауап берді

«Іле-Балқаш» жолбарысы Балқаштан жүр ме? Экология министрлігі жауап берді
gov.kz

Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жарияланған суретте жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.

Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Еске саламыз: көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, жақында Қазақстанға Ресейден жеткізілген Амур жолбарыстарының бірі жабайы табиғатқа жіберілген болатын.