Германияда метеорит құлап, тұрғын үйлерге зақым келді

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 17:15

Германияның батыс өңірлерінде метеорит құлағаны байқалды. Бұл құбылысты бірнеше федералдық жердің тұрғындары көрген,деп хабарлайды Dalanews.kz "Deutsche Welle"-ге сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, аспанда жарқыраған отты нысан ұшып өткен. Оны Төменгі Саксония, Гессен, Рейнланд-Пфальц, Саар, Баден-Вюртемберг және Солтүстік Рейн — Вестфалия тұрғындары байқаған. Әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты бейнежазбалар мен фотосуреттер тарады.

Метеориттің сынықтары Германияның батысындағы бірнеше тұрғын үйдің шатырын зақымдаған. Мұндай ақпарат Кобленц қаласы мен Хунсрюк және Айфель таулы аймақтарынан түскен.

Полицияның жедел штабының мәліметінше, 8 наурыз күні шамамен сағат 19:00-де Кобленц қаласының Гюльс ауданындағы тұрғын үйдің шатырына «жанып кеткен аспан денесі» құлаған. Алдын ала дерек бойынша ешкім зардап шекпеген, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полицейлер барған.

Алайда Agence France-Presse агенттігінің мәліметінше, кейбір адамдар жеңіл жарақат алуы мүмкін.

Полицияның хабарлауынша, тұрғындар аспанда «жарқырап ұшып бара жатқан нысанды» көргенін айтқан. Кейбірі оны зымыран болуы мүмкін деп болжаған.

Құқық қорғау органдары бұл оқиғаның әскери әрекеттермен байланысты емес екенін және қоғамдық қауіпсіздікке қатер жоқ екенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove