ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алды

Кәмшат Тілеухан 27 мау. 2025 10:19

"ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ (Қазақстан) акционерлерімен арада "Home Credit Bank" АҚ (Қазақстан) Банкінің 100% акциясын сатып алу туралы қағидаттық уағдаластыққа қол жеткізгендерін мәлімдеді. "ForteBank" АҚ және "HOME Credit Bank" АҚ клиенттеріне бұрынғы шарттар бойынша қызмет көрсетіле береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәміле құжаты мақұлдау үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін қоса алғанда, реттеуші органдарға жолданды. "ForteBank" АҚ және "Home Credit Bank" АҚ клиенттеріне бұрынғы шарттар бойынша қызмет көрсетілетін болады, яғни  барлық қолданыстағы шарттар күшін сақтайды, ал банктердің міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Айта кетсек, ForteBank қазақстандық ірі кәсіпкер Болат Өтемұратовқа тиесілі. Ол Forbes нұсқасы бойынша ең бай үш қазақстандықтың бірі және қаржы, телеком, медицина, спорт, қонақ үй бизнестерінде де белсенді. Өтемұратов - ForteBank те енетін Verny Capital инвестициялық тобын бақылаушы. Сондай-ақ ол Beeline Қазақстанмен (Veon арқылы), Астана мен Алматыдағы Magnum, Ritz-Carlton, Қазмырыш және басқа да бірқатар ірі активтермен байланысты. ForteBank 2015 жылы Alliance Bank пен Темірбанкті де өзіне біріктіріп алған.

Бұған дейін қазақстандық олигарх Болат Өтемұратовтың банкі Home Credit Bank-ті сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар