Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank-тің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингін "Тұрақты" болжаммен "BBB-" деңгейінде бекітті. Осылайша Қазақстандағы ең ірі банктің бірі экономикалық қиын-қыстау сәтке қарамастан саладағы берік позициясын сақтап отыр, деп жазады Dalanews.kz.
Fitch Ratings-тің бағалауы бойынша, Қазақстанның банк секторындағы Halyk Bank-тің жоғары нарықтық үлесі, табыстылықтың тұрақты жоғары көрсеткіштері, елеулі капиталдандыру және орнықты өтімділік рейтингті қолдайтын негізгі факторлар болып табылады. Агенттіктің түсініктемесі бойынша, "Тұрақты" болжам Halyk Bank-тің кредиттік көрсеткіштері орта мерзімді перспективада күшті болып қала беретінін айқындап тұр.
Fitch Ratings Halyk Bank-тің корпоративтік және бөлшек бизнестегі күшті нарықтық позициялары және теңдестірілген кредиттік портфелі бар сенімді бизнес-моделін, сондай-ақ Банк активтерінің сапасы соңғы бес жылда айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Сонымен қатар Агенттік тұрақты маржаның, жоғары операциялық тиімділіктің және тәуекелдің төмен құнының арқасында 2025-2026 жылдары Банктің жоғары табыстылығының сақталуын күтеді.
"Fitch Ratings агенттігінің берген кредиттік рейтингі өзгермелі экономикалық орта мен сырттан төнген сындар жағдайында Банктің тиімді жұмысын, ал берген бағасы Halyk-тың Қазақстанның банк нарығындағы жетекші ойыншы ретіндегі қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл нарықтың Halyk-қа көрсеткен сенімі мен сенімділігінің дәлелі", делінген аталған банктің хабарламасында.
Айта кетсек, Halyk Bank - Қазақстандағы ең ірі кредитор. 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, оның активі 19,616 млрд теңгені құрайды. Банк елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие және филиал желісі кеңінен тараған: 542 филиалы мен бөлімшесі бар, сонымен қатар Грузия мен Өзбекстанда да қызмет көрсетеді.
Halyk акциялары Алматы, Лондон және Астана қор биржаларында саудаланады.