Ерұлан Жамаубаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Директорлар кеңесі мүшелігінен аластатылды. Бұл туралы мәлімет KASE-де 2025 жылдың 27 ақпанында пайда болды, деп жазады Dalanews.kz.
Жамаубаев - Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі, ал таяуда ол ҚР Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 17 ақпандағы сол тағайындаудан соң ол "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ директорлары кеңесінің құрамынан шығарылған.
Жамаубаев 2024 жылғы шілдеден бастап мұнда мүшелікте болған.
Осылайша қазір қордың директорлар кеңесі құрамында алты адам қалды: ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, "Қазақстан халқына" қорының бұрынғы басшысы Болат Жәмішев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов және бейрезиденттер Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Мұхаммед Жамил Әл Рамахи.
Жамаубаев қызметінің әр кезеңінде вице-премьер — қаржы министрі, Президенттің көмекшісі, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарушы директоры (қазіргі Отбасы банкі) және т. б. лауазымдарды атқарған.
Бұған дейін Фархат Сәрсекеевтің "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ төрағасы болып тағайындалғанын, ол алты жыл осы лауазымда болған Гауһар Бурибаеваның орнын басқанын жазған болатынбыз.