ЕҚДБ 2024 жылы Қазақстандағы 22 жобаға 650 млн доллар бөлді - Одиль Рено-Бассо

Кәмшат Тілеухан 31 қаз. 2024 15:40 1700

Бұл туралы 2024 жылы 31 қазанда Қазақстанда өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысымен кездесуі барысында ЕҚДБ президенті еліміздің орнықты дамуына, инвестициялық ахуалының жақсаруына және экономикалық жаңғыруына әсер ететін өзара ықпалдастықтың әлеуетті бағыттарына қатысты жоспарымен бөлісті. Одиль Рено-Бассо банк Қазақстанның инвестициялық жобаларын мұқият зерделейтінін жеткізіп, инфрақұрылымдық дамуды алдағы уақытта да қолдауға ниетті екенін мәлімдеді.

"ЕҚДБ таяу жылдары "жасыл экономика" талаптарын орындау аясында Қазақстанға 2 миллиард евро құюды жоспарлап отыр. Сондай-ақ биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы 22 жобаны жүзеге асыруға 650 миллион доллар бөледі", - деді Одиль Рено-Бассо.

ЕҚДБ президенті "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының сатып алу үдерісіне оң баға берді. Оның айтуынша, кредитор-компаниялардың қор ережесіне сәйкес жұмыс істеуі аталған сатып алу үдерісінің ашықтығына сенім жоғары екенін көрсетеді.

Бұған дейін Еуропалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассоның Қазақстанға жұмыс сапары 2024 жылдың 31 қазаннан 1 қараша аралығына жоспарланғанын жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар