Соңғы кездері елімізде қызылша ауруы дендеп тұр. Дәрігерлер дұрыс емдік шара қабылдамағандықтан, көп адам бұл ауруды асқындырып алып жататынын айтады. Сондықтан қызылша туралы оқырмандарымызға кеңірек мағлұмат беру үшін Dalanews.kz Алматыдағы №8 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері Мәдина Туашева Санатқызының сұқбатын өз назарларыңызға ұсынады.
- Қызылша — жедел жұқпалы ауру екенін білеміз. Бұл аурудың негізгі белгілері қандай?
- Қызылша – ауа арқылы тарайтын жіті инфекциялық ауру. Ол тек науқас адамнан жұғады. Ересектерде ауырлау, қиындау, ал балаларда оңай өтеді. Балалар қызылшаның ауыр түрлерін тек нәресте кезінде және иммунитеті әлсіреген жағдайда қабылдай алады. Аурудың жасырын кезеңінің екінші күнінен денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауадан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда өзіне жұқтырады. Вакцина алмаған немесе одан кейін иммунитетті дамытпаған адамның өзіне қызылшаны жұқтыру қаупі жоғары.
Қызылшаның жасырын (инкубациялық) кезеңі 9-11 күн, егер бұрын екпе алған болса, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы мүмкін. Инкубациялық кезеңнен кейін науқастың температурасы 39-39,5 градусқа дейін күрт көтеріледі. Мұнымен бір мезгілде жұмсақ тері бөртпелері, жалпақ қызғылт дақтар пайда бола бастайды. Бірнеше сағат ішінде бөртпелер саны күрт артады.
Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып, қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады. Мұндай белгіні Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері дейді. Сыртқы түріне қарағанда бұл бөртпелер "манна" түйіршігіне ұқсайды. Дақтар дөңес пішінді болады, олардың ортасында сұйықтығы бар көпіршіктер болады. Әрине, бұл жағдайда ештеңені сығып алуға болмайды.
Алғашқы 3-4 күндегі бөртпелер өте күшті болуы мүмкін және тек теріде ғана емес, сонымен қатар шырышты қабаттарда: көзде, жыныс мүшелерінде және ауызда кездесуі ықтимал. Бұл жағдайда бала, әдетте, қатты қышынудан азап шегеді. Ата-аналар баланың терісіне сызат түспеуін қамтамасыз етуі керек. Бұл жарада инфекцияны тудыруы мүмкін. Қызылша асқынғанда ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады. Шамамен бір айдан кейін аурудың беті қайта бастайды. Терідегі қызыл дақтар (бөртпелер) кетіп, олардың орнына қыртыстар пайда болады. Олар жоғалғаннан кейін теріде ешқандай із қалмайды.
- Қызылша ауруының арнайы емі бар ма?
- Қызылшаның арнайы емі жоқ. Алайда, ауру белгілерін азайтуға көмектесетін шаралар бар. Мысалы, жаңа бөртпелер санын азайту үшін төсек-орын мен іш киімді жиі ауыстырыңыз. Су процедураларын азайтыңыз, егер температура болмаса және қабыну процесі байқалмаса. Педиатрлар душ қабылдауға кеңес бермейді. Балаңыздың қарапайым диета ұстануын қадағалаңыз. Бұл аллергендердің барлық түрлерін болдырмау үшін қажет. Диетада көбірек сүт және көкөніс өнімдері болуы керек, көбірек сұйықтық (шай, сорпа, кампот, минералды сулар және т.б.) ішу керек.
Температура болса, парацетамол негізінде антисептик беруіңіз керек. Аспиринді қолдану ұсынылмайды. Спиртті қолдануға болмайды.
Қызылша терідегі температурамен және бөртпемен шектелмейді, әртүрлі ішкі органдарға әсерімен ұзақ ауыр ағымға ие болуы және оңалтудың ұзақ кезеңін талап етуі мүмкін.
Асқынулар мүгедектік тудыруы немесе өліммен аяқталуы ықтимал.
- Бұл аурудың алдын алуға бола ма?
- Әрине, сақтық шараларын жүйелі түрде жүргізсек, алдын алуға мүмкіндік мол.
Балаларда қызылшаның алдын алу екі кезеңде жоспарлы вакцинация түрінде жүргізіледі. Қалыптасқан иммунитет қызылшадан қорғайды немесе жұқтыру жағдайында ауруды жеңіл түрде және асқынусыз ауыстыруға көмектеседі.
Қызылша ауруының маусымдылығы – қазан айынан сәуір айына дейін үй-жайларда адамдардың жиналуымен байланысты. Балалардың қызылша жұқтыруы мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жиі орын алады. Сыртқы ортада вирустың тез бұзылуына (әлсізденуіне) байланысты үшінші тұлғалар арқылы жұқтыру жағдайлары өте сирек. Инфекция қоздырғышы науқас адамнан сау адамға ауа-тамшы жолымен тасымалданады.
Инкубациялық кезеңде науқасқа белсенді вирустың бөлінуі аса қауіпті, бөртпелер басталғанға дейін 3-4 күн қалғанда және аурудың клиникалық көрінісі бойынша дәл диагностика жасау мүмкін емес. Қызылша ауруымен ауыратын адам 7-10 күн бойы айналасындағыларға қауіпті. Қызылша вирусы жоғары жұқпалы (контагиозен), инфекцияның берілу пайызы вакцинация болмаған жағдайда шамамен 100 пайызды құрайды. Қоздырғыш әуе жолымен, мысалы, көппәтерлі үйлердегі баспалдақ торлары, желдеткіш шахталары арқылы тарауы мүмкін.
Қызылшаның алдын алу негізі вакцинация (екпе) болып табылады. Тірі вакцина 10-15 жылға тұрақты иммунитет қалыптастыратын вирустың әлсіз қауіпсіз штамына ие. Ол әдетте асқынулар бермей, жақсы төзімді өтеді. Бүгінгі күндері вакцина баланың 12-15 айлығында, мектеп алдындағы ревакцинация 6 жаста жүргізеді. Осыны біле тұра кейбір ата-аналар балаларына тиісті егу жұмыстарына келісім бермеуі таңғалдырады.
Алдын алу шараларына келер болсақ, жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды даладан келгеннен кейін сабынмен мұқият жуу керек. "Сақтансаң – сау боласың" деп, халық бекер айтпайды. "Сақтықта қорлық жоқ" екенін есте ұстаған абзал. Ауруға қарсы екпе бала 1 жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде салынады. Одан соң 6 жасында тағы салынады.
Екпе алмағандар емханадан оны тегін салдыруға болады. Айта кетейік, екпе туралы білмейтін азаматтар осы ауруға жиі шалдығады екен. Сондықтан да аурудың клиникалық белгілерін байқаған кезде дереу дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.
- Қызылшаны соңғы кездері қауіпті індетке де балап жүр. Жалпы, халықаралық тәжірибе бұл ретте не дейді?
- Соңғы кезде қызылша ауруы, оның Ресей мен Қазақстанда және де басқа көрші елдерде етек жайып бара жатқаны жайлы эпидемилогтар мен инфекционист-дәрігерлер жиі сөз қозғай бастады.
Тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл аурудың ел арасында тез тарап эпидемиялық жағдайдың асқына түскенін, егер де оның алдын алмасақ пандемияға айналып кету қаупі бар екенін ескертті.
- Бұл ауруға шалдықпас үшін, не істеуге болады?
- Жиі таза ауада серуендеу, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін сауда, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар сияқты адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, уақытылы инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация алу қызылшаның және де басқа адам өміріне қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын азайтады.