ЕО 2025 жылдың басында қолданылатын Ресейге қарсы 16-санкциялар пакетін әзірледі

Кәмшат Тілеухан 23 жел. 2024 12:31 368

Еуроодақ 2025 жылы ақпанда ресейлік әскердің Украинаға басып кіруіне 3 жыл толуына орай Ресей қарсы санкциялардың 16-пакетін енгізгелі жатыр. Олар бұған дейін тимеген немесе қажетті деңгейде қозғалмаған экономикалық секторларға, сондай-ақ «ресейлік пропаганда режимін қолдайтын және Украинаның аумақтық тұтастығының бұзылуына жауапты»  адамдар мен ұйымдарға қарсы бағытталмақ, деп жазады Dalanews.kz.

Бұл туралы немістің DW басылымы Welt am Sonntag-қа сілтеме жасап, хабарлайды.

Еуроодақ бұл санкциялар пакетін әзірлеуге өткен жұмада кірісіп кетіпті. Нақтырақ айтқанда, Еурокомиссия мен Еуропалық қызмет Ресей үшін тыңшылық еткен, жалған ақпаратты тарату бойынша жұмыс істеген тұлғалардың активтерін бұғаттап, Еуропаға кіруге тыйым салмақ.   

Бұған дейін 16 желтоқсанда Еуроодақ Ресейге қарсы 15-ші санкциялар пакетін бекіткен. Ол, негізінен, Ресейдің әскери өнеркәсібіне бағытталған. Оның аясында Қытай, Үндістан, Иран, Сербия және БАӘ-дегі 32 ұйымға және 54 тұлғаның активтеріне шектеу қойылды. Оның ішінде Солтүстік Кореяның екі шендісі де бар. Сондай-ақ, шектеулер басқа елдердің 52 танкерін де қамтып отыр, енді оларға порттарға кіруге тыйым салынады, теңіз тасымалымен байланысты қызметтердің кең спектрінен қағылатын болады. Еуроодақ олар Мәскеуге санкцияны айналып өткізуге көмектесіп жатыр деп есептейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар