Энергетика министрі Қазақстанның ОПЕК+ келісімін ұстанатынын растады

Кәмшат Тілеухан 04 мау. 2025 09:31

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның ОПЕК+ келісімін ұстанатынын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада ОПЕК Бас хатшысы мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездесті. Кездесу барысында министр Қазақстанның тарихи ОПЕК+ келісіміне оң көзқарасын жеткізіп, жаһандық мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді", делінген Энергертика министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тараптар ынтымақтастық нәтижелері мен "8 ел" кездесуі аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.

"Қазақстан ОПЕК және келісімге қатысушы мемлекеттермен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, өндірушілердің, тұтынушылардың және жаһандық экономиканың мүддесі үшін әлемдік нарықтағы тұрақтылықты нығайтуға ынталы екендігін жеткізді", деп нақтылайды министрлік.

Айта кетсек, бұған дейін Энергетика министрлігі сәуір айында Қазақстан ОПЕК+ белгілеген квотадан тәуілігіне 297 мың баррель асып кеткенін хабарланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар