Елімізде МҚҰ мен коллекторлар үшін қадағалаудың екі деңгейлі жүйесі енгізілмек

Кәмшат Тілеухан 02 қаз. 2025 11:04

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер саласында өзін-өзі реттеу институтын енгізу бастамасын талқылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінгі күні микроқаржыландыру секторында 899 субъект жұмыс істейді. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінде 197 ұйым бар. 2025 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша ұйымдардың несие портфелі 3,2 трлн теңгені құрап, 2021 жылдан бері 2 еседен астам өсті. Бұл ретте несие портфелінің 61%-ы немесе 1,9 трлн теңге бизнеске микрокредиттерге тиесілі.

ҚНРДА 2024 жылдан бастап қадағалау субъектілеріне қатысты 812 және 730 құжаттамалық тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 140 қадағалау шарасы қолданылғанын, 431 млн теңге сомаға 1 175 айыппұл шығарылғаннын нақтылайды.

"Тексеру нәтижелері бұзушылықтар тек микрокредиттер беру мәселелерімен ғана емес, сонымен қатар олардың қызметінің басқа аспектілерімен байланысты екенін көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, Агенттік жүйелі шара ретінде міндетті өзін-өзі реттеуді белгілеу жолымен микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер субъектілерін қадағалаудың екі деңгейлі жүйесін енгізуді ұсынады", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттіктің Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбек Қазақстанда ӨРҰ енгізудің негізгі бағыттары туралы баяндама жасап, халықаралық тәжірибе осы құралдың нарықтағы орнықтылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі тиімділігін көрсетіп отырғанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар