Елімізде ақылы жолдардың ақауы бар учаскелері үшін енді төлем алынбайды

Кәмшат Тілеухан 28 мам. 2025 09:49

Елімізде республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Көлік министрлігі мұндай норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылғанын әрі оның 2025 жылдың маусым айынан бастап заңды күшіне мінетінін айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді", деп түсіндіреді құзырлы министрлік.
Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін сайтымызда "Тым жеңіл жаза". Тоқаев министр Қарабаевқа не үшін сөгіс жариялады?" деген мақала жарияланған болатын.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар