Экономист алтынның қатты қымбаттауы долларға қай тұрғыда қауіп төндіретінін айтты

Кәмшат Тілеухан 21 сәу. 2025 10:45 1530

Алтынның бір унциясының құны 3 394 доллар болып, тарихи жоғары шекті игерді. Осылайша 2020 жылдың басынан бастап қымбат металдың құны екі есеге өсті, яғни өсім көрсеткіші - 100%-дан астам, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Бұл ретте экономист Руслан Сұлтанов Tengenomika Telegram арнасында мысалға S&P 500 қор нарығы өсімінің көрсеткішін мысалға келтіреді.

Яғни, осы кезең аралығында S&P 500 индексі 86%-ға өскен екен.

Мына диаграммадан 2024 жылдың көктемінен бастап күрт өсім қалай басталғанын, жылдың соңында қалай үдегенін көруге болады, әсіресе орталық банктердің сұранысы мен геосаяси тұрақсыздық жағдайында.

"Қытайдың рекордтық сатып алулары мен монетарлық саясатты жұмсарту тұрғысындағы жаһандық күтулер аясында алтын қорғаныс активі ретіндегі рөлін тағы да нығырлай түсті. Алтын бағасының тарихи өсімі және оның қор нарығын басып озуы жаһандық инвестициялық таңдау ұзаққа жасалып отырғанын көрсетеді. Орталық банктер, институционалдар және жеке инвесторлар үшін енді алтын жай ғана "пана" болуын доғарды, бұл доллар жүйесіне деген сенімсіздіктің зәкіріне айналды", деп жазады экономист Руслан Сұлтанов.

Айта кетсек, Қазақстанда алтын құймасын тек 2017 жылдан бастап жеке тұлғалардың сатып алуына рұқсат берілген. Оның мөлшері 5 грамм, 10 грамм, 20 грамм, 50 грамм, 100 грамм болып келеді. Мұның ішінде халық арасында жиі сұранысқа иесі 10 грамдығы. Сондықтан банктер осы салмақ өлшеміндегі алтын құймасының бағасын күнделікті жаңартып, көрсетіп отырады. Айтқандай, алтын құймасын кез келген банкке сатуға рұқсат берілмеген. Мұндай сенімге, әзірге төрт банк ие. Оның ішінде, мәселен халық несие алуда көп жүгінетін Каспий банк жоқ.

10 грамм алтын құймасының сату және сатып алу құны, 21.04.2025

ҚР Ұлттық банктің 21 сәуірде бекіткен 1 грамм алтын құны - 55 780,85 теңге.

Екінші деңгейдегі банктер Сатып алу, 1 гр.алтын/тг Сатып алу, 10 гр. алтын құймасы/тг Сату, 1 гр.алтын/тг Сату, 10 гр. алтын құймасы/тг
Еуразиялық банк 55 565,00  555 650 57 551,00 575 510
БанкЦентркредит 54 671,20  546 712 58 018,40 580 184
Жусан банк 52 836,60  528 366 59 192,40 591 924
Халық банк 54 553,22 545 532,2 61 495,23 614 952,3

Айта кетсек, Goldman Sachs алтын унциясының құны 4500 долларға дейін қымбаттайтынын бажайлап, болжам жариялаған болатын. Кейбір сарапшы мамандар жыл соңына дейін бұл бағаның 3600 долларды құрайтынын болжайды. 1 унцияда шамамен 28 грамм алтын бар. Демек, Goldman Sachs болжамына сүйенсек, 1 грамм алтын (999.9 құймасындағы) 83 200 теңгеге баруы ықтимал. Ал жыл соңына деген болжамды баға сонда шамамен 67 мың теңге болып қалады.

Қазақстандағы коммерциялық банктер тұтынушыларға алтын құймаларын қандай бағамен ұсынуда:Бұған дейін сайтымызда "Бір баррелі – 15$". ХВҚ жариялаған болжам  мұнай өндіруші елдерді орнынан қозғап жіберді" деген мақала жарияланған болатын. Сондай-ақ "Халықаралық валюта қоры әлем елдеріне сауда соғысы жағдайында не істеу керектігін айтты" деген материалмен де таныса аласыздар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар