Қырғызстанның Первомай аудандық сотында "75 ісі" бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылардың қатарында Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев, экс-бас прокурор Құрманқұл Зұлушев, Парламенттің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы және өзге де тұлғалар бар, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушылар барлық айыпталушыға тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Қазір сотта тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр. Айыпталушылардың адвокаттары өз уәжін келтіріп жатыр.
Адвокат Икрамидин Айтқұловтың сөзінше, сот отырысы кезінде Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік айыптаушыларға тағылған айыптан бас тартуды ұсынған. Адвокаттар бұл ұсынысты қолдағанымен, прокуратура өкілдері ешқандай жауап бермеген.
Бұған дейін адвокат Тәшиевке Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылғанын мәлімдеген еді.