2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы ломбардтар 54,7 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астам көп, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ең жоғары табысқа «М-Ломбард» қол жеткізген. Компания үш айда шамамен 13 млрд теңге таза пайда тапқан.
Одан кейінгі орындарда:
«МК-Ломбард» – 10,5 млрд теңге;
«МК-Золото Ломбард» – 9,7 млрд теңге.
Алайда елдегі барлық ломбардтар табысқа кенелген жоқ. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 466 ломбардтың тек 337-сі ғана бірінші тоқсанды пайдамен аяқтаған.