Freedom Inside '26

Ақмоншақ Нұртаза асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді

Ақмоншақ Нұртаза асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді
Dalanews.kz коллажы

Әлеуметтік желіде танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза отбасындағы қуанышты сәтімен бөлісті. Ол Instagram-парақшасында әпкесінің қызын ұзатып, шығарып салғанын жазды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақмоншақ Нұртаза желіге қыз ұзату сәтінен видео жариялап, жас жұбайларға ақ тілегін арнады.

"Апамның қызын ұзатып, шығарып салдық. Бақытты бол, алтыным. Ән Жазира Байырбекова апайдың рұқсатымен орындалды", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы пікір қалдырып, ұзатылған қызға бақыт тіледі. Көпшілік қазақы дәстүрмен өткен ерекше сәттің әсерлі болғанын айтып, Ақмоншақ Нұртазаның ақжарма тілегіне қосылды.

Ақмоншақ Нұртазақызы – әлеуметтік желіде кеңінен танылған ұстаз әрі мектеп басшысы. Ол Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры ретінде көпшілікке белгілі. Желіде оқушылармен еркін сөйлесіп, білім беру саласындағы креативті тәсілдерімен танылған. Ақмоншақ Нұртазақызы өзін тек басшы емес, балалармен ортақ тіл табысуға тырысатын педагог ретінде көрсетіп жүр. Ол көпбалалы ана ретінде де отбасылық құндылықтарды жиі насихаттайды. Көпшілік оны ашық мінезі, ұлттық болмысқа жақындығы және өмірге позитивті көзқарасы үшін жақсы таниды.